«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің «№11 «Құлыншақ» аралас бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
04.02.2014 жылы Талдықорған қаласы әкімдігінің №30-1428 қаулысына сәйкес 30.12.2013 ж. қайта жаңартудан кейін біздің балабақша ашылды
Енді біз бір үлкен тату отбасымыз!
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! СІЗДІ ҚЫЗЫҚТЫРАТЫН БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІМЕН ҚАШЫҚТЫҚТАН БАЙЛАНЫСУ МҮМКІНДІГІНЕ НАЗАР АУДАРАМЫЗ:
* Өтініштерді мекеменің электрондық поштасына жолдау detskiysad1110@mail.ru
* ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕР!
Балаларды мектепке дейінгі мекемеде орын алу үшін кезекке қою рәсімі бойынша уақытты қысқарту мақсатында Сізге «Е-Жетісу» порталын пайдалануды ұсынамыз. Балабақшада ЭЦҚ-ның жеке деректерімен кезекке қою, кезектілігін тексеру және басқа да қызықтыратын мәселелер бойынша қабылдауды тиімді ұйымдастыру үшін іс жүргізушіге тікелей немесе 31-04-48 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз
Мекеменің педагогикалық принциптері:
- Балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін құру.
- Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға және тәрбие-білім беру процесіне қойылатын талаптарға сәйкес дамытушы және кеңістік ортаны қамтамасыз ету;
- Мектепке дейінгі тәрбиенің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына, негізгі құзыреттерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін вариативті және авторлық бағдарламаларға сәйкес балалардың мүдделерін қанағаттандыру және қабілеттерін дамыту;
- Жалпы дамытушы және түзете отырып дамытушы функцияларды офтальмолог-дәрігердің және ортоптист-медбикенің медициналық сүйемелдеуімен ұштастыру.
- Баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін тәрбиеленушілердің отбасыларымен өзара байланыс орнату.








